Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты «Шаңырақ» мешітінде қасиетті мәуліт іс- шарасы аталып өтті.
Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының бас имамы Орын Ербосын және ауданға қатысты мешіттердің имамдары қатысты. Орын Ербосын мәуліт жайлы жамағатқа әсерлі уағыз- насихат айтып, қала бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізді. «Исамиддин баба» мешітінің найб имамы Мамметов Исматулла және «Сулайман ата» мешітінің имамы Шадман Сұхраб мәуліт жырын оқыды.
Шара барысында «Дін мен дәстүр» негізінде жиналған жамағатқа дастархан жайылып және сұрақ-жауап, арқан тартыс, асық ойындары ойнатылып,сыйлықтар таратылды. Іс- шара соңында мешіт ақсақалы Назар Акимов бата берді

Аталмыш іс- шараны ұйымдастырып, жамағатты қызықтырған «Шаңырақ» мешітінің имам Абдужәлил Бекмурзаев және қолдау көрсеткен әрбір азаматқа ерекше алғыс білдіреміз. Алла разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38