Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде діни сауат ашу курсының жас шәкірттері арасында сайыс ұйымдастырылды. Сайысты шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы ашып, жас шәкірттерге сәттілік пен жеңіс тіледі. Сайысқа жалпы алты команда қатысты. Нәтижесінде мына командалар жарыстан жеңімпаз атанды.
1-орын Қаратау ауданы.
2-орын Тұран ауданы
3-орын Еңбекші ауданы иеленді.
Жүргізуші және әділқазы Али Анарқұлұлы.
әділқазы Берік Өтеген «Байғұт баба» мешітінің найб имамы, Шахназар ұстаз «Сейтжан қари» мешітінің ұстазы төрелік етті.
Жарыс өте тамаша өтті. Қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі