Мақтарал ауданында ең алғашқы болып ашылған және 2015 жылға дейін аудан орталығы болып есептелінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық ислами діни бірлестігіне қарасты «Өткелбай» мешіті қайта жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілді. Қазіргі таңда Жетісай қаласындағы №1-ші қалалық мешіт болып есептелетін ғимаратқа сауапты іске жаны құмар мешіт жамағаттары ат салысқан. Ішкі құрылысы бойынша қабырғалар түсті бояуларға боялып, арнайы желдеткіштер орнатылып, мешітке келіп кетуші жамағатқа қолайлы жағдаяттар жасалынды. Қабырғасы ескірген дәретхана да қайтадан толығымен жөндеуден өтіп, алдына 50 адамдық бастырма салынды. Сыртқы қабырғалар мен үлкен кіре беріс есіктерін көк түске бояп, жамағатқа арналған ішкі ережелер мен аят- хадистер жаңа форматта жасалынып шықты. Жалпы, мешітте 4 дін қызметкері жұмыс атқарады. Мешіттің күрделі жөндеуімен танысқан бас имам Бекзат Оқапұлы «Өткелбай» мешіті имамына алғыс айтып, толағай табыстар тіледі.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі