Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты «Ибрагим ата» мешітінде әйел-қыздар жамағатының ұйымдастырумен «Әлемдерге рақым болған Мұхаммед (с.а.у)» атты рухани кеш өтті. Кеш барысында қыздар сүйікті пайғамбарымыздың өмірбаянын көріністер, нашидтер арқылы көрермендерге жеткізуге тырысты. Кеш соңында Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізіліп, сертификат және сыйлықтар табысталды. Іс – шараға 100 жуық қонақтар келді. Сөзге шыққан қонақтар қыздардың ілімдерінің арттыруын сұрап дұға жасады, жәнеде ұстаздарға өз алғыстарын білдірді. Алла баршаларынан разы болсын.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38