Шымкент қаласы орталық Ақмешіт мешітінің әйел-қыздар бөлімінде Құран жаттап жүрген шәкірттер арасында «Ілім маржандары» атты топтық жарыс өтті.
Бұл жарыс алты түрлі сайыстан тұрды. 
«Бәйге» сайысы бойынша көрсетілген аятты жылдам жалғастыру. 
«Жұлдыздар» сайысы бойынша көрсетілген суреттерге қарап сүрелердің атауын табу.
«Тәжуит» сайысында берілген аяттың тәжуит ережелерін талдау, 
«Үздіктер» сайысы бойынша суреттерге қарап аяттарды табу. 
«Сөзжұмбақ» сайысында сөзжұмбақ торкөздерін толтыру,
«Білгірлер» сайсысында Құран туралы сұрақтарға жылдам жауап беру сайыстары өтті.
Екі топта сайыстардан жақсы нәтиже көрсетті. Жарыс өте қызықты әрі пайдалы өтті.
Ұйымдастырған ұстаздарға және қатысушыларға алғысымызды айтамыз.
 
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38