islam jane tazalik maseleleri

islam jane tazalik maseleleri

Ислам (араб.: إسلام‎) -әлемдік монотеистік-ибраһимдік дін. Сонымен қатар, асыл дініміз христиандықтан кейін дүниежүзінде ең көп таралған дін болып табылады.
«Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтың заңдарына)[1] «мойынсыну, бағыну» деген мағыналарды береді. Ал шариғаттерминологиясында «ислам» — толық мойынсұну, Алланың алдында парыздардыорындау, одан басқа ойдан құрап алған пұттарға, пірлерге табынбау болып есептеледі.
Ислам дінін ұстанушы адамды мұсылман деп атайды.Мұсылмандардыңнегізгідіникітабы Құран Кәрім (араб.:القرآن الكريم‎) — классикалықәдеби араб тілінде (араб.: الفصحى‎) Алла тарапынантүсірілген.
Жаратушы Алла әрдайым адамзат баласын тура жолға салу мақсатында әр дәуірде бір-бір пайғамбардан жіберіп отырды. Олардың ішіндеИбраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.[2]. Ал мұсылмандардыңеңсоңғыпайғамбары — Мұхаммед ﷺ
Ислам – тазалық діні. Ислам діні үшін ең алдымен тазалықтың маңызы өте жоғары. Ислам материалдық әрі рухани құндылықтар тұрғысынан да тазалыққа көп мән береді.
Тарихқа көз жүгіртсек, Ислам сынды ешбір діннің толыққанды тазалыққа шақырмағандығын көреміз. Сүйікті Нәбиіміз Исламның сипатын хадистерімен шектелмей, өзі де іс-әрекеттерімен көрсетіп берді. Ол амалдарды мұсылмандар «сүннет» деп атайды.Тіпті кез келген хадис,фиқһ кітаптарын қарасаңыз, дәрет,тәяммүм,ғұслжәне ғибадатта пайдаланатын киім, т.б. бәрі-бәрі де тазалаудан басталады.
Шын мәнінде, ғибадаттын қай түрі болмасын дәретпен басталса оған фәзилет бар.Алла тағала «Мәидә» сүресінде былай дейді: «Әй, мүміндер! Қашан намазға тұрсаңдар,(тұрарда) жүздеріңді және қолдарыңды жуындар.Бастарыңа мәсих тартыңдар,(сипаңдар) және екі тобықтарға дейін аяқтарыңды жуыңдар.Егер де жүніп болсаңдар (бой дәретсіз болсаңдар) толық тазаланыңдар (шомылыңдар)». Аятта Алла тағала намазда ғұсл, дәретпен болуға бұйырып тұр.Намаздыңшарты текқана дәретпен шектелмей сәждені орындауда пәк болуы шарт.Тазалыққа Алла тағала сонымен қатар «Бәқара», «Тәубе» сүрелерінде де бұйырған.Имам Муслим Әбу Мәлик әл-Әшъарий разияллаҳу әнҳудан риуәйат қылған хадис шәрифде Пайғамбарымыз с.ә.у айтты: «Пәктік – иманның жартысы». Ел аузында бұл хадис «тазалық – иманнан» деп айтылады.
Имам Мәлик, Имам Аҳмад және басқалар Әбу Саъид әл-Худри разияллаҳу әнҳудан риуәйат қылған хадис шәрифде Пайғамбарымыз с.ә.у айтты: «Әр жұма балиғат жасынажеткен адамға ғұсл кұйыну уәжіп», – деді. Имам Бухари және имам Муслим Әбу Ҳурайра разияллаҳу әнҳудан риуәйат қылған хадис шәрифде Пайғамбарымыз с.ә.у айтты: «Бір мұсылман жеті күнде бір рет басын және денесін жуы шарт», -деген. Бұл хадиске қосарымыз тағы бар.
Бүгінде Еуропа елдерінде түрлі дертке душар боп жатқан адамдаркөп. Себебі, оларда үйлену бар болғанмен неке адалдығы сақтала бермейді. Тамағы көп, адалы аз. Ластықтың кесірінен талай бәлеге тап болған десек артық айтқандық болмас. Десек те, крестовый походтардың нәтижесінде олар таяу-шығыстың мәдениеттерін және (хаммам) моншасын көріп оларды өздерінде де қалыптастыра бастады. Әсіресе Н.Бонапарт бұған қатты көңіл бөлді. Содан кейін барып Еуропа халықтарында түрлі аурулардың азая бастағаны байқалады. Қазірде әлемдегі денсаулық сақтау қауымдастықтары бұл мәселеге ерекше ден қойып жатыр.
Әбу Бәкірден р.а жеткен хадисте Пайғамбарымыз с.ә.у айтты: «Мисуак қолдану, ауыздытазарту -Раббысын разы ету».Бұл жерде Пайғамбарымыздың с.ә.у. ең алдымен тазалыққа көңіл бөлгендігін байқаймыз.
Кезінде Осман империясында түрлі оқиғалар болды.Ол кезде батыс жақтан қаншама адамдар тыңшы ретінде мұсылмандарға жіберіліп отырды. Ал сол тыңшылар жұмыстарын бітіріп, үйлеріне кірген уақытта өзәйелдерінен жиіркенгендігі туралы деректер айтылады. Сонда олар әсересе әйелдерінің ауыздарынан шыққан сасық иіске шыдай алмаған екен. Солардың нәтижесінде империядағы тазалықты көрген көптеген тыңшылық жасаушылар Ислам дінінің тазалығына тәнті боп, еш күмәнсыз мұсылмандықты қабылдағандықтары жөнінде деректер келтіріледі.
Басқасын айтпағанда, тіс тазалайтын мисуактың өзідұшпандардың дінімізге бет бұруына сеп болған жағдайлар да кездесіп отырды. Ал, Пайғамбарымыз с.ә.у. күнде таңертең және кешке, сондай-ақ бес уақыт намазға дәрет алғанда мисуакты қолданған.Мәуләнә Шәрафиддин деген кісі «Чор китаб» атты еңбегінде былай дейді:«Мисуак қолданған адамға Алла тағала тарапынан жиырма жеті фәзилет беріледі». Имам Бухари, Имам Термизи, Имам Нәсәи және басқалар Айша анамыз р.а риуаят қылған хадис-шәрифте Пайғамбарымыз с.ә.у айтты:«Он нәрсе фитрәттан(гигиена)» – деді.Олар:
1.Мұртты қысқарту;
2.Сақал қою (реттеп әдемілеп);
3.Мисуак (тісті тазалау);
4.Мұрынды су мен тазалау;
5.Ауызды су мен шаю;
6.Тырнақтарды алу;
7.Бүкіл денені жақсылап жуу (шомылу);
8.Қолтық жүндерін жұлу;
9.Кіндік асты жерлердегі жүндерді алу;
10.Хатна (ер кісілерді сүндетке отырғызу).
Осының соңғысына тоқталсақ, сүндеттеудің адам баласына пайдасы көп екенін бүгінде өзге дін өкілдеріде және танымал ғалымдардың мойындап отырғаны баршағ аян. Сүндеттеу – еркекке қуат береді,әр түрлі иістерден ұзақ боладыжәне әртүрлі аурулардан аман болады.Сүндеттеу мәселесіне әлемдегі СПИД-пен күресіп жатқан батыс ғалымдары арнайы тәжірибе өткізген екен. Африка елдерінің СПИД-пен аты танымал.Ондағы дертпен күрес орталықтары 20-30 жыл ішінде жетістікке жете алмай жүргендерінде, Кения, т.б. бірқатар елдерде адамдардысүндеттеуқолға алынғаннан кейін, аты жаман аурудың52 пайыздан 45-42 пайызға дейін түскендігі байқалған.
Шындығында да, сүндеттеу (хатна) мың жарым жыл бұрын бізде де бар еді. Аллаға шүкір, бүгінде балаларды сүндетке отырғызу тұрақты дәстүрге айналған десек қателеспейміз.
Алла тағала баршамызды өзі жақсы көрген тән және рухани тазалықтарынан алыстатпай, пәк пенделерінің қатарынан етсін. Әмин.

Шымкент қаласы, Қаратау
аудандық«Байғұт-баба»
мешітінің имамы
Қанатбек қажы Кенжебеков

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38