ҚМДБ, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы , Әйел-қыздар секторы, Байғұт баба мешітінде қыз-келіншектерге Намаз оқуды егжей-тегжейлі үйрететін “Жәннәттің кілті” атты 3 айлық курс өтті. Аталмыш курсқа 200 дің үстінде шәкірт қатысып, Намаз , дәрет, ғұсл, хайз, нифас секілді әйелдерге қажетті фикһты толық меңгеріп шықты. “Жәннәттің кілті “ атты курсты қорытындылап, шәкірттерге керемет демалыс ұйымдастырылды. Намаз бастағандарды Алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табысталды. Намаз оқуды үйренуге тіркелген шәкірттердің бір бөлігі Тауға шығып , әрі ойнап, әрі шомылып, әрі бауырмашылдығын арттырған керемет Рухани кеш өтті. Тауға шыға алмағандар үшін Мешітте марапаттаулар жасалып, Апалардың батасын алып керемет Кеш өтті.
Кешті ұйымдастырушы Байғұт баба мешітінің ұстазы Гүлжан Нұрланқызы мен мешіттің белсенші шәкірттері.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38