IMG 145

IMG 145

2017 жылдың 31-ші шілде айында Мақтарал аудандық «Нұғман» орталық мешітінде қала және ауыл имам- молдаларының кезекті жиналысы өткен болатын. Жиын төрағасы Аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Сыздықов Бекзат. Жиналыстың негізгі мақсаты: Жаназа, жерлеу рәсімдері және ас беру мәселелері (ардагерлер, әжелер алқалары, жастар орталықтарымен бірге түсіндіру жұмыстарын жасау), имам- молдаларға байланысты 10 тәлімдік құжатқа семинарлар ұйымдастыру, сонымен қатар медреселерге шәкірт даярлау мен мектепке жол акциясын аудан көлемінде ауқымды етіп өткізу мәселелері қаралды. Және де қасиетті Құрбан айтқа дайындық, мал соятын орындарды, қасапшыларға арналған семинарларды қолға алу бойынша шаралар атқаруды белгілі имамдарға тапсырды. Биылғы жыл жаңадан ҚМДБ тарапынан ашылған «Тауаф» қажылық компаниясын халыққа таныстыру және имандылық айнасына баннерлерді ілу. Осындай біршама тапсырмалар мен бұйрықтар өткен жиналыста талқыланды. Жиналыс барысында үлкен ұстаз «Бейсенбай ата» мешітінің имамы Досанов Абдурахман ақсақал сөз сөйлеп, ең әуелі бірлікте, татулықта болу керектігін, сонда ғана жеті жасар бала мен жетпістегі қарияға дейін дін Исламға, Отанға қызмет жасайтындығын тілге тиек етті. Аудан имамы жиын соңында осы аралықта өзінің имамдық қызметін жақсы атқарып келе жатқан ауыл, қала имамдары мен молда- ұстаздарға ҚМДБ- ның арнайы шапанын сыйға тартты.

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 145

IMG 146

IMG 147

IMG 148

IMG 149

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38