1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық қала, аудан имамдары тарапынан төмендегі жұмыстардың жүзеге асырылуы ұйымдастырылсын:
1.1. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының 4 бағыт бойынша берілген тапсырмасына (қайырымдылық, діни сауат ашу – ағарту жұмыстары, кереғар ағымдармен жұмыс, уағыз-насихат жұмыстары) сәйкес жұмыстарды жандандыру;
1.2. Кереғар ағымдардың іс-әрекеттерінің, діни экстремизм мен терорризмнің алдын алу шаралары бойынша кешенді кездесулер мен семинарлар ұйымдастыру, соның ішінде кереғар ағымдардың жетегінде кеткен азаматтармен жеке кездесулерді тұрақты һәм жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізу;
1.3. «Жаназа һәм жерлеу мәселелері» кітабындағы пәтуаларды күнделікті уағыз-насихат барысында және жаназа рәсімдерінде басшылыққа алу;
1.4. Кісісі қайтыс болған үйдегі жиындар барысында (жаназасы, жетісі, қырқы, жүзі, жылы, т.б.) ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі қабылдаған Құдайы ас мәзірі бастамасын қолдауды жүзеге асыру;
1.5. Астана қаласында өткен ІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы мен «Ханафи мәзһабы мен Матуруди сенімі мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымын насихаттау;
1.6. ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің шешімімен қабылданған ҚМДБ Республикалық ислами діни бірлестігі мешіттерінің ішкі тәртіп ережесін күнделікті жұмыс барысында тұрақты басшылыққа алу;
1.7. ҚМДБ тарапынан құрылған «Тауаф» қажылық фирмасының жұмысының жүргізілуіне атсалысу, кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу;
1.8. ҚМДБ халал өндірістерінің саны мен сапасын арттырылу жұмыстарын қолға алу;
1.9. 2017 жылғы 5 шілдеден бастап барлық қалалық, аудандық мешіттерде Мекке, Мәдина қалаларына қажылық сапарының ұйымдастырылуы бойынша арнайы курстар ұйымдастыру;
1.10. «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті» құжаттарының тиісті дәрежеде орындалуын жүзеге асыру, соның ішінде әрбір мешіт қызметкерінің көпшілік һәм қоғамдық орындарда ұялы телефондарды бей-берекетсіз пайдаланушылығын (ойын ойнау, селфи жасау, т.б. әлеуметтік желілерді ретсіз пайдаланушылық мәселелеріне тосқауыл қою) шектеу, көлік жүргізу барысында жолда жол жүру ережесін сақтау;
1.11. Жергілікті жерлерде РАНТ пен ЖАНТ жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру;
1.12. Мешіт жанынан құрылған жастар ісі бөлімдерінің жұмыстарын күшейту;
1.13. Облыстық, қалалық, аудандық мешіт жанынан құрылған Зекет қорларының жұмыстарына атсалысу, осы бағыттағы насихаттау жұмыстарын кеңінен жүргізу;
1.14. Жергілікті телеарналардан шығатын апталық имандылық хабарларының жұмыстарына тұрақты қатысу;
1.15. Құрбан айт және Мәуліт, наурыз мерекелерін жоғары деңгейде атап өту және оны жергілікті мәдени ошақтарда өткізілуін ұйымдастыру;
1.16. Бас мүфтидің әр имам кемінде 5 шәкірт тәрбиелеуі қажет деген тапсырмасының аясында мешіттер жанынан тұрақты түрде жұмыс жүргізетін діни сауат ашу курстарын (ДСАК) ұйымдастыру;
1.17. Мешіт имамдары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық шаралар өткізу;
1.18. Мешіттердің қысқы маусымға дайындығын, оның тазалығы мен дәретханасының заман талабына сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру;
1.19. Мешіт имамдарының тұрақты түрде күнделікті 5 уақыт және жұма намаздары барысында мешітте болып, намаздарды өткізуінің бақылауға алынуы;
1.20 “Дін мен дәстүр” жылы аясында уағыз-насихаттарды салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен сабақтастырып, ұштастыра үйлестіріп, осы бағыттарды арнайы іс-шаралар ұйымдастыру;
1.21. Тұрақты түрде ардагерлер кеңестерінің мүшелерімен, қалалық, аудандық БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізу;
1.22. Астана қаласында өткізілген І республикалық имамдар форумында қабылданған «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы», «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі» құжаттарын кең көлемде насихатталуын ұйымдастыру;
1.23. ҚР Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтына (Алматы қаласы) тұрақты қатысып, діни білімді ұдайы шыңдап отыру, оған барлық дін қызметкерлерінің қатыстырылуын ұйымдастыру, осы бағыттарда облыс орталығында арнайы қысқа мерзімді курстар мен семинарлар өткізу;
1.23. Тұрақты түрде күнделікті бесін немесе ақшам намазынан кейін намазхандарға 5-10 минут көлеміндегі уағыз жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру;
1.24. Облыс көлеміндегі барлық қала, аудан, елді мекендердегі мешіттерде жұма намазы күні 1-2 минут көлемінде Имам Ағзам мазһабында намаз оқудың қимылдарын түсіндіріп отыру, жамағатқа діни білімді тек мешіттегі дін қызметкерлерінен және түрлі сұрақ-жауапты ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінен ғана алуды ескеріп отыру.
2. Жоғарыда аталған мәселелердің орындалуын бақылау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің наиб имамдарына тапсырылсын.
3.07.2017 ж.