Ертең елордада ІІ Халықаралық Құран жарысы басталады. Халықаралық жарыс Республика күніне және ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылуда.

Байқауға 20-дан астам мемлекеттен келген үздік қарилар қатысады. Олардың қатарында Қазақстан, Түркия, Сауд Арабиясы, Мысыр, Бахрейн, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдердің өкілдері бар.

Жарыс 15–16 қазан күндері Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітте өтеді және мүфтияттың төл арнасы «Munara TV» мен «Мүфтият ҚМДБ» YouTube арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38