Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын. Екі дүниенің сардары пайғамбырымыз Мұхаммедке оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын.
Раббымыз өзінің кәләмі Құран кәрімде
یَـٰۤأَیُّهَا ٱلَّذِینَ ءَامَنُوا۟ لَا یَسۡخَرۡ قَوۡمࣱ مِّن قَوۡمٍ عَسَىٰۤ أَن یَكُونُوا۟ خَیۡرࣰا مِّنۡهُمۡ
Әй мүміндер! Бір ел, бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар.(Хужурат-11 аят)
یَـٰۤأَیُّهَا ٱلنَّاسُ إِنَّا خَلَقۡنَـٰكُم مِّن ذَكَرࣲ وَأُنثَىٰ وَجَعَلۡنَـٰكُمۡ شُعُوبࣰا وَقَبَاۤىِٕلَ لِتَعَارَفُوۤا۟ۚ إِنَّ أَكۡرَمَكُمۡ عِندَ ٱللَّهِ أَتۡقَىٰكُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِیمٌ خَبِیرࣱ﴿ ١٣ ﴾ Әй адам баласы! Шүбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы.( Хужурат, 13-аят) ,деп ұлт пен ұлысқа бөлінуді ұнатпайтынын анық көрсетіп,барша адам баласын ол хайырсыз кеуде қағудан қайтарды. Және де пайғамбырымыздың(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінде ондай жағымсыз іске жол жоқ екені көптеген оқиғалардан естіп те,оқып та жүрміз. Ауызы дуалы ақсақал-бабаларымыз құран мен сүннетке сай}Ынтымақ-бұзылмас қорған,Бірігіп еккен ағаш-орман~-,деп ұрпақтан ұрпаққа өсиет етіп қалдыра отыра,татулық пен бірлікке шақырған.
Ислам – махаббат пен татулық діні. Ислам өзгені менсінбей,өзін,өз ұлтын соқыр сезіммен жақсы көру және сол арқылы қоғамда түрлі алауыздық тудыруға шақыратын террорлық дін емес. Ондай болғанда ислам араб өлкесінен және соның ішінде Құрайыш тайпасынан ары шықпайтын еді. Байды кедеймен,ақты қарамен,ерді әйелмен тең құқылы етті. Сахабалар, табиғиндер және басқа да мұсылман бабаларымыз бірлік пен патшаға бойұсыну арқылы көптеген қамалдарды ала білді. Пайғамбырымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) «Үмметтім,үмметім», – деп жылап тұрып тәхәджут намазында дұға еткен. Үмметім деп! Арабым,қазағым,ханафилерім,шафиғилерім деп емес. Үмметім деп! Сол секілді өзге ұлтты дініне,тіліне,дәстүріне,әдеп-ғұрпына қарап өзіңді артық санау сүннетке қарама-қайшы!
Ислам атақты төрт ғұламаның ақидасымен,шариғат мәселесі бойынша өз дәлелдерімен келіп жетті. Фиқһ жағынан,ақида жағынан өзгеше болғаны үшін мұсылман бауырыңды айыптау қате мәміле жасау қате. Бәріміз Аллаға және оның пайғамбарларына,періштелеріне,кітаптарына,ақырет күніне,жақсылық пен жамандық Алладан екеніне иман келтірдік. Біз мұсылманбыз. 14 ғасырдан бері мұсылманбыз. Талай сынақ келді бұл далаға. Көп нәрседен айырылдық. Бірақ Алла иманымыздан айырмады.
Ислам-ол береке. Алтау ала болса ол берекеден айырылып қалуымыз бек мүмкін. Бөлінгенді бөрі жейді. Бөлінеміз деп тістегеннің аузында,ұстағанның қолында кетпейік.
Шымкент қаласы Абай ауданы «Файзулла молда» мештінің имамы Бакытжан Есмаханұлы