Бақдаулет  қажы Абдрахманов, 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Шымкент қаласының бас имамы 
 
 
  Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын!
 
            Құрметті мұсылман қауым!
            Қадірлі жерлестер!
 
Сіздерді қасиетті Рамазан айымен қатар келген шуақты көктем мерекесі, күллі түркі жұртының төл мейрамы, жыл басымыз – әз-Наурызбен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт – береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
   Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болғай! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әмин!

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38