Қасиетті Рамазан айының және Наурыз мейрамы қарсаңында Шымкент қаласының әкімінің қолдауымен және танымал кәсіпкер Ильяр Интизамовтың қаржылай демеушілік етуімен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Қайрымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Шымкент қаласы дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Тахирұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев қатысып, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, мұқтаж жандарға азық-түлікті үлестірді.

Игі шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі тіркеуде тұрған отбасыларға азық-түлік себеті үлестірілді. Жалпы бір отбасыға (ұн, күріш, бал, түрлі тәттілер, шәй, май, қант, күріш, тамат, макорон өкімдері, т.б. Ерікті топ мүшелері кейбір азаматтардың ерекше қажеттілігіне байланысты үйлеріне жеткізді.

Айта кетсек, бүгінгі ұйымдастырылған кезекті қайырымыдылық шарасы Шымкент орталық мешітінде өткізілді. Қайырымдылық шараны «Айғақ», «Отырар», «Оңтүстік», «Хан тв» телеарналары түсірілім жасап, хабар таратты.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38