Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен елде Наурыз мерекесін 10 күн бойы тойлауды және оны «Наурызнама» деп атауды ұсынған болатын. Бұл бастамаға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы тарапынан қолдау білдіріліп «Дін мен дәстүр» бағытына аясында барлық мешіттерде ұлттық спорт күнін атап өту шарасы қолға алынды.
Бүгін Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының тікелей басшылығымен, Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің Жастар ісі секторы, Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен орталық мешітте ұлттық спорт түрлерін жарыстар өткізілді. Атап айтқанда, арқан тарту, кіртасын көтеру, ләнгі тебу т.б. ойынша ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға кәде-сыйлықтар табысталды.
«Ұлттық спортты насихаттаудағы негізгі мақсат – спортпен шұғылдану пайғамбарымыздың (с.а.с.) құп көрген сүннеті екендігін айтып, ғылыми һәм діни тұрығыдан әрі қарай дамыту және дін мен дәстүр тағылымдары бірге салауатты өмір салтын қалыптастыру, көнеден кележатқан ұлттық ойындарымызды (тоғыз құмалақ, арқан тарту, асық ойы, ләнгі тебу, шекем тас ойыны, кір тасын көтеру, көкпар ойындары, бәйге, садақ ату, қол күрес т.б. насихаттау болып табылады),- деді шаһар бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров.
Қасиетті Рамазан айымен ұштасқан мерекеде жиналған жамағат дән риза болып тарқасты.
Айта кетсек, жуырда ұлттық ойын түрлерін насихаттауға арналған Шымкент орталық мешітінде «Ұлттық спортты үйлестіру» орталығы ашылып, қызмет жасап келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі