Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінде биылғы ұлттық мерекеміз – «Наурыз» мерекесін 10 күн тойлау бастамасын қолдау шарасы болып өтті. Нақтырақ айтқанда, кешегі 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне және бүгінгі 21 наурыз – Ынтымақ күні жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау күніне орай жамағат арасында ынтымағын нығайту мақсатында ұлттық спорт түрлерінен мерекелік ойындар ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі