Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры және Шымкент қаласы «Shymkent Bus» ЖШС қалалық автобус паркінің бірлесіп қасиетті Рамазан айының түнгі уақыттарында қала тұрғындары мен жамағатты қайырымдылық негізінде тасмалдау шаралары ұйымдастырылды.
Игі шараға шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, Шымкент қаласы «Shymkent Bus» ЖШС автобус паркінің директоры Карим Бестенов, Жақсыбай Нуранов, Сәбит Орманбеков, найб имам Мұхамеджан Естеміров, Нұржан Қасымбеков, аудан бас имамы Ахметжан Керімбек, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері Айбек Азимбаев, Ержігіт Мамытұлы т.б. азаматтар қатысты.
Жалпы, бес бағыт бойынша автобустар тарауық намазынан шыққан қала тұрғындары мен жамағатты тегін тасмалдайды. Яғни қаланың ең үлкен бес көшесімен жүріп өтеді.
Игі шараға қолдау көрсеткен аталмыш кәсіпкерлерге Алланың нұры жаусын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38