Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты «Әділ Омар» мешітінде
Ихсан рухани тәрбие негізі:
«Жақсылыққа жақсылық-әр адамның ісі,
Жамандыққа жақсылық-ер адамның ісі»
атты танымдық көшпелі семинар дәрісі өтті.
Жиын барысында «Жат діни ағымдардан сақтандыру» саласына жауапты, «Халифа Омар» мешітінің имамы Ырысбаев Жандос «Жастарды діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру» тақырыбында дәріс өтті.

Патуа сағаты саласына жауапты «А.Сманов мешітінің имамы Шотабеков Берік «Неке және оның маңыздылығы» тақырыбында сабақ өтті.

«Темірші ата» мешітінің наиб имамы Байтелиев Бахтияр ағамыз «Устади аууал» кітабынан сабақ өтіп, кітапты толық тамамдады.

Жиын соңында Абай ауданының бас имамы Бердалы Жәміш алдағы атқарылатын жоспарларды талқылады.
Әр бағыттағы сала жетекші мамандарына жауапкершілікті күшейту керектігін ескертті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38