ҚМДБ-ның Шымкент қалалық «Ақмешіт» орталық мешіттің наиб имам әрі ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі имам Сарыбаев Қазыбек қажы Сұлтанбекұлы Тұран аудандық «Кождан-ата» мешітінде жамағатқа арнап халал өнімдері жайында дәріс өткізді.
Дәріс барысында, «Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін ажыратып көрсеткен. Алла пендесі үшін нені халал десе, ол сырда қайыр мен хикмет бар, ал нені харам десе, онда адам ғұмыры үшін ұшан-теңіз зиянның бар екендігі күмәнсіз. Олай болса, бүгін біз не ішіп, не жеп жүрміз, бала-шағамыздың аузына қандай ас салудамыз деген ой жадымыздан шықпағаны абзал.
Отандық халал индустриясын дамыту мақсатында «Халал Даму» сенеміз» – деді, Қ. Сарыбаев.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38