Мұстахаб – сөзі тілдік тұрғыдан қарағанда жасалуы ұнамды, таңдалған, әдемi көрiнген амал деген мағыналарды қамтиды. Ал, енді бұл сөздің шариғаттағы терминдік мағынасы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) кейде жасап, кейде жасамаған, бұрынғы өткен салихалы кiсiлер ұнатып қолдаған iстердi білдіреді. Сәске уақытында оқылатын дұха намазы секілді кейбiр нәпiл намаз бен оразалар осыған жатады. Ғибадаттардың ішінде парыз, уәжiп және сүннеттерден тыс мұстахаб түрлерiне жататын iстер де бар. Мысалы, таң намазын айналаға жарық түскенге дейін, жаздың ыстық күндерінде бесін намазын салқын түскен уақытқа дейiн кешiктiрiп оқу. Ал, ақшам намазын уақыты кірісімен оқу, намаз оқыған кезде үстiндегi киiмдi желбегей жамыла салмай түймелеу сияқты амалдар мұстахабқа мысал бола алады. Мұстахаб амалының үкiмi: iстелгенде сауап болып, iстемегенде айыптау болмайды.
Шымкент қаласы орталық мешіті