Хазіреті Алиден (р.а) риуаят етілген хадисте Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай дейді: «Балаларыңызды мына үш көркем мінезге тәрбиелеңіздер: Пайғамбар мен оның туған-туыстарына деген сүйіспеншілікке және Қүран окуға деген сүйіспеншілікке. Өйткені, (Құранды жаттап алған кісілер) ешқандай көлеңкесі жоқ қиямет күнінде Алланың пайғамбарлары мен таңдаулы қүлдарының қатарында Алланың көлеңкесінде болады».
Хадиске түсініктеме:
Балаларымыз дүниеге келгенде жақсы тілектер айтылып, бауы берік болсын Алла Тағала жасын ұзақ қылсын деп бата беріледі. Бала ата-ананың қуанышы әрі Алладан берілген өмірдегі ең ұлкен нығметтердің бірі екендігі сөзсіз. Ата-анасының ыстық алақанын, ыстық құшағын аңсап өмірдің тауқыметін тартып, бұрыс жолдың құрбаны болып кеткен жетімдер қаншама. Солардың қатарына ата-анасы балаға дұрыс, жақсы тәрбие бермеген балаларды да кіргізсе болады. Олардың жағдайы тұл жетімдерден ешқандай айырмашылығы жоқ. Өйткені, олар әйтеуір түптің түбінде жағымсыз іске бой алдырады. Сондықтан ата-ана дүниенің соңына түсіп, бала тәрбиесінен қол үзбеуі керек. Оларды әке-шешесі бар жетімдердің қатарына қосып, өз алдьша жібермеу қажет. Хазірегі Пайғамбар (с.а.у.): «Балаларыңа қамкорлық көрсетіп, жақсылап тәрбиелеңдер», деп бүйырған. Тәрбие негіздерінің алғашқысын өзіне деген сүйіспеншіліктен бастаған. Сондықтан мүсылман жанүяның басты міндеті, ең алдымен, Хазіреті Пайғамбарға деген сүйіспеншілікті үйрету. Оған деген сүйіспеншілік оянбаса, өзгелерге сүйіспеншіліктің пайдасы шамалы болмақ. Бүл түрғыда Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Сендерді шексіз ризықтандырған Алла Тағланы жақсы көріңдер. Мені Алла Тағаланы жақсы көргендерің үшін жақсы көріңдер, туған-туыстарыңды мені жақсы көргендерің үшін жақсы көріңдер». Ол өзіне және әһлі бәйтіне отбасына деген сүйіспеншіліктен кейін балаларды Қүран оқуға деген ынта-жігерін арттыруды атаған. Міне, осы аталғандарды баланың жүрегіне орнықтырып, онды нәтиже беру үшін ең алдымен анаға көп міндет жүктеледі, яғни ананың хадиске лайықты болуы шарт. Орай келгенде Алланың сүйікті қүлының басынан өткен мына өнегелі оқиғаны айта кетелік. Пайдалы болады деген үміттемін. Алланың сүйіспеншілігіне бөленген таныс кісінің қалын сүрап барғанымызда бізге былай деген еді.
Бала кезімде ата-анам мені мектепке оқысын деп жіберетін. Бір күні анамның аяқ-киімімнің табанын тазалап жатқанын көрдім де таңырқап:
«Ана, не үшін табанын тазалап жатырсыз?» дедім.
Анам:
– Қүлыным, сен білім алу үшін мектепке бара жатқаныңда періштелер қанатын сенің табаныңа жаяды. Олардың қанатгары кірленбесін деп жатқаным ғой», деді.
Хазіреті Пайғамбар: «Кімде-кім Құранды оқып, ондағы айтылған әмірлерді мұқият іске асырса, қиямет күні Алла Тағала оның әке-шешесінің басына тәжі кигізеді. Тәждің жарығы сондай күннің жарығынан әлде қайда жарық. Қүранмен амал еткеннің жөні бір бөлек» деген.
Ей, мүсылман ханым! Дүниенің өткінші қызығына емес, ақыреттің таусылмас қызығына көңіл бөл! Сондай-ақ Қүранды үйреніп, онымен амал жасаған балалардың себебімен жүмақтың патшасы деген сый-сияпатқа ие болатыныңды үмытпа! Хазіреті Пайғамбардың өз қолымен басыңа кигізген тәжін алып тастама!
Шымкент қаласы орталық мешіті