Сейітжан Қари мешітінде алты шәкіртке ижаза табысталды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты Сейітжан Қари мешітінде Құран ілімін дәріптейтін тағылымды кеш өтті. Шара барысында Қазақстанға белгілі қарилардың бірі Шохан Қари Уәлиев алты шәкіртіне ижаза табыстады.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамының бірінші наиб имамы Мұсабек қажы Ақтамберді, наиб имам Ахметжан қажы Керімбек, Ерсін Қари Әміре, сондай-ақ бірқатар қарилар мен шәкірттердің ата-аналары қатысты.

Шохан Қари Уәлиев шәкірттеріне ижазаларын салтанатты түрде өз қолымен табыстап, иықтарына шапан жапты. Бұл – шәкірттердің Құран іліміндегі еңбегіне берілген жоғары баға әрі ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани сабақтастықтың көрінісі.

Тағылымды кеш соңында қонақтар мен қатысушыларға арнайы дастархан жайылып, ізгі тілектер айтылды.

Құран ілімін үйрену, оны дұрыс оқу және кейінгі буынға жеткізу – үлкен жауапкершілік. Ижаза табыстау рәсімі осы рухани сабақтастықтың маңызды көріністерінің бірі болып табылады.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38