«Ислам және Адал қоғам жылы» аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен, Еңбекші ауданының ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне арналған бір күндік дала семинары өтті.

Тағылымды шараның негізгі мақсаты – дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ дін қызметкерлері арасындағы өзара ынтымақтастық пен ауызбіршілікті нығайту.

Семинар барысында Шымкент қаласының бас имамы Бағдәулет қажы Нұрматұлы дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығына тоқталып, ұлттық салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні мен оны дәріптеудің маңызын атап өтті.

Ал Еңбекші ауданының бас имамы Орын Ербосын іс-шараның маңыздылығына тоқталып, дін қызметкерлері арасындағы бірлік пен ынтымақтастықтың діни-ағартушылық жұмыстарды жүйелі жүргізудегі рөліне ерекше мән берді.

Сонымен қатар «Дін мен дәстүр» бағытының Шымкент қаласы бойынша жетекшісі Самат Анарбаев имам «Дәстүріміздегі отбасы құндылықтары» тақырыбында тағылымды дәріс оқып, ұлттық тәрбие мен отбасы құндылықтарының қоғамдағы орны жөнінде ой бөлісті.

Шараның практикалық бөлімінде дін қызметкерлері арасында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылып, садақ ату және арқан тартудан жарыс өтті. Ұлттық спорт түрлері қатысушылардың ептілігі мен шымырлығын шыңдап қана қоймай, өзара татулық пен командалық рухты арттыра түсті.

Дала семинары барысында дін қызметкерлеріне арнайы дастархан жайылып, ата-баба рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.

Берекелі басқосу дін мен дәстүрдің сабақтастығын дәріптеп, имандылық пен ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың жарқын үлгісіне айналды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38