Шымкент қаласы облыстық орталық мешіті мен облыстық «Зекет» қоры бірлесіп «Рамазан – қайырымды ай!» атты қайырымдылық шарасын өткізді.
Қайырымдылық шара барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, облыстық «Зекет» қорының жетекшісі Ғалымжан Назаровтар арнайы қатысып, қасиетті Рамазан айының шарапаты туралы әңгімелеп берді.
Қайырымдылық шара барысында Шымкент қаласына қарасты мүмкіндіктері шектеулі, көп балалы 119 отбасыға (азық-түлік, ұн, май, шәй, қант, макарон өнімдері, күріш т.б) көмек берілді.
Қайырымдылық шарасына үлес қосқан азаматтарға Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі