IMG 1244

IMG 1244

ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі, Бәйдібек ауданы «Нақыпбекұлы Әуен» орталық мешітінде ауызашарға келген жұрт қуанышты жағдайға куә болды. Атап айтар болсақ, елағасы, кәсіпкер Бейсенов Сәкен Нақылбекұлы аудандық орталық «Нақыпбекұлы Әуен» мешітіне «Daewoo Gentra» автокөлігін сыйға тартып, темір тұлпардың кілтін ауданның бас имамы Байниязов Серғалиға салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар кәсіпкер Бейсенов Сәкен Нақылбекұлы ауданның батыр анасына Шымкент қаласынан 8сот. жер учаскесін тегін беріп, көпбалалы отбасына көмектесті. Ісшараға өкіл имамның тапсырмасымен найб имам Қарақұлов Е. арнайы келіп қатысты. Облыс бас имамының сәлемін жеткізген найб имам ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі атынан және жалпы жамағат атынан кәсіпкерге алғысын білдіріп, Құран кітабын сыйлады. Ісшара соңы ауызашарға жалғасып, еліміз және халқымыз үшін дұға етілді.

ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 1244

IMG 1245

IMG 1246

IMG 1247

IMG 1249

IMG 1250

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38