SAM2927

 SAM2927

Бас мүфти атынан БАҚ өкілдеріне ауызашар берілді
Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдарының төл мерекесі қарсаңында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан БАҚ және зиялы қауым өкілдеріне арнайы ауызашар дастарханы жайылды.
Арнайы шараға ҚР ОҚО бойынша журналистер одағының басшылығы мен мүшелері, облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық «Әжелер мектебінің» мүшелері мен жергілікті телеарна тілшілері, ақын-жазушылар т.б. жалпы саны 310 кісі қатысты.
Аталмыш шараны ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары әрі БАҚ бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізіп ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтауын жеткізді.
Мерекелі ақ дастархан басында ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Зәріпбай Жұманұлы, ҚР ОҚО бойынша журналистер одағының басшысы Айгүл Қапбарова, ХҚТУ-нің ұстазы, профессор Әмір Мұсақұлов, Республикалық «Қазақстан жолы» газетінің бас редакторы Оңғар Тәжиев және ақын, журналист Нармахан Бекалыұлы мырзалар ақ тілек тіледі.

«Жаназа және жерлеу рәсімдері»
кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Шара барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен және Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Сондай-ақ, шара барысында журналистер қауымын БАҚ мерекесімен құттықтап, шығармашылық табыс, бақыт тіледі. Барлық қатысушыларға кәде-сый табыс етілді.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

 SAM2898

 SAM2911

 SAM2913

 SAM2918

 SAM2920

 SAM2924

 SAM2927

 SAM2929

 SAM2932

 SAM2936

 SAM2941

 SAM2949

 SAM2953

 SAM2962

 SAM2973

 SAM2977

 SAM2984

 SAM2988

 SAM2995

 SAM2997

 SAM3000

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38