Бүгін КМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Шымкент қаласы Тұран аудандық «Қождан ата» мешітіне бас имам болып Батырхан Құрбанбаев тағайындалды. Таныстыруға Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров қатысып, қызметіне сәттілік тіледі.
ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫ
Ол Алматы қаласы Тастақ мешіті мешітінде 1 жыл тәжірибе жинап
2013-2019 жылы Алматы қаласы, Медеу ауданы《Әль-Хамид》мешітінде найб имамы қызметін атқарды.
2019.-2021жылы Сарыағаш ауданы, Самал мөлтек ауданында《Әль-Ғаффару》мешітінде имам қызметін атқарды.
2021-2023 жылы Шымкент қаласы Абай ауданы 《Файзулла》молда мешітінде имам қызметін атқарды.
БІЛІМ:
2009-2013 жылы аралығында Шымкент қаласы 《Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық》университетінде психология мамандығы бойынша білім алды.
2013-2015жылдар аралығында Алматы қаласы 《Нұр-Мүбәрәк Египет мәдениеті университетінде дін дінтану мамандығы бойынша білім алды.
2016-2018 жылдар лматы қаласы 《Шет тілдер және іскерлік карьер университетінде дінтану мамандығы магистр дәрежесі берілді.
ОТБАСЫ:
Үйленген.Екі қыз, екі ұлы бар.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі