2023 жылдың қыркүйек айынан бастап әл- Фараби ауданы “Сейіткәрім қажы” мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Алланың қалауы және Шыңғыс Сейіткәрімұлының демеушілігімен мешіттің жөндеу жұмыстары аяқталып, қасиетті жұма күні пайдалануға берілді.
Іс-шараға ҚМДБ Шымкент қаласы бас имамының бірінші орынбасары Мұсабек Ақтанберді және әл-Фараби ауданының бас имамы Ахметжан Керімбекұлы қатысты.
Жұма намазының уағызын Мұсабек имам жүргізді. Уағыз аяғында мешітті салуға демеушілік жасаған Шыңғыс Сейіткәрімұлына Мұсабек имам ҚМДБ бас муфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатын таныстырды және жамағат алғысын айтып, қазақы дәстүрге сай шапан кигізіп, ақсақалдар батасын берді.
Жұма намазын Ахметжан имам оқыды. Намаздан соң жамағатпен бірге марқұмдарға құран оқып, сауабын бағыштап дұға жасады.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ықпал жасаған барлығына мешіт атынан алғысымызды білдіреміз!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38