Ғылыми тілде адамның өзін – өзіне қол жұмсап өлтіруін суицид деп атайды.Бұл қазірде адамзат қоғамында кең тараған сорақы құбылыс. Ал өз өмірін өлімге қиюдың шариғатымыздағы үкіміне келсек, өз – өзіне қол жұмсау Ислам дінінде ауыр күнәға жатады. Бұл туралы қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 29 – 30 аяттарында былай дейді:«Өз – өздеріңді өлтірмеңдер. Расында Алла сендерге мейірбан ғой. Ал кімде кім дұшпандықпен, зұлымдықпен солай істейтін болса, біз оны тозаққа өртейміз.Олай ету Алла үшін оңай», – деген. 

Сондай – ақ кісінің өзін – өзі өлтіруі Алланың кешірім, мейірімінен, рақымынан, қол үздіреді. Ахиретте үлкен азапқа дұшар етеді. Өйткені адам дүниеден қалай өтсе, ахиретте солай жазаланатын болады. Бұл туралы Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.у) былай деген: «Кімде кім өзін – өзі өлтірсе, жаһаннамда қолына темір алып мәңгі бақи өзін – өзі түйреумен болады. Ал кімде -кім у ішіп өлсе, жаһаннам отында мәңгілік у ішумен қалады. Ал кім өзін таудан тастап өлтірсе, жаһаннамда өзін мәңгі отқа лақтырып тұрады»(Бухаримен Муслим риуаят еткен)деген.

Біріккен ұлттар ұйымының зерттеулеріне қарасақ, өзіне қол жұмсаушылардың басым көпшілігі тапаншамен пышақ қолданатын көрінеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.у) – дың жоғарыдағы хадисінде «өзін – өзі қандайда бір темірмен өлтірсе» – деп осы ақиқатты білдірген. Сондай –ақ, у ішіп, дәрі-дәрмекті мөлшерден тыс көп қолданып немесе газ жұтып, өзге де химиялық заттармен уланып, өзіне қастандық жасайтындарда кездеседі. Жоғарыдағы хадисте: «Кімде кім у ішіп өлсе» деп бұған да ишара жасалған. Ал өз – өзін көп қабатты үйлерден, басқада биіктен тастап, өз жанын қиятындардың да көп кездесетінін ескерсек, Алла елшісінің (с.ғ.у) бұл хадисі сонау жетінші ғасырдың өзінде бұл қатерлі дерттің негізгі түрлерін қамтитын ескерту екенін көреміз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.у) хадис шәріптерінің тағы бірінде: «Кімде-кім өз жанын қандай затпен қиса, тозақта сол затпен азапталады», – деген. Міне, осы секілді аят, хадистер өзін – өзі өлтіру қылмысының ақыры өте ауыр күнә екендігін білдіруде. Демек, мұсылман адам қандай қиындыққа тап болсада бұл іске бармайтыны сондықтан. Осы орайда маңызды бір мәселені қозғай кетудің реті келіп тур.

Соңғы жылдары шетелдерде суицолог мамандар жүргізген зерттеу жұмыстары өзіне – өзі қол жұмсау әрекеттері көбінесе ешбір дінге сенбейтін жандардың арасында көптеп кездесетінін дәлелдеп отыр. Оның себебі дінісіздердің өз келешектерінен үміт күтпейтіні, іштей уайымшыл болатыны және ешкіммен бастары бірікпей бытыраңқы өмір сүретіндері деп көрсетілуде. Оларда Аллаға және ахирет күніне болмауыда көбіне көп өзін-өзі өлтіруге әкеліп соқтыратын көрінеді. Сонымен қатар, зерттеушілер дінсіздік жайылған елдерде суицидтіңде көбірек байқалатынын анықтаған. Әсіресе, Швеция, Дания секілді мемлекеттер алдыңғы қатардан орын алған. Дания тұрғындарының 80 пайызы ешбір дінге сенбейтіндіктері мәлім. Мысалы, суицидология зерттеушілері Жус Мануель Берталогимен Александра Флейшман БҰҰ мәліметтеріне сүйене отырып, Ислам мемлекеттерінде өзіне – өзі қол жұмсау әрекеттері нөл пайызға жуық (яғни жоқтың қасы), ал өзге сенімдермен атейстердің арасында бұл тым жоғары екендігін нақты көрсеткіштермен келтірген. Демек, елімізде суицид эпидемиясын жоюдың бір түрі жастарға имандылық тәрбиесін көбірек ұстанумен тығыз байланысты екендігі ақиқат. Өйткені ислам дінін ұстанушылардың арасында өзінде, өзгені де өлтіру өте-мөте аз кездесуі қасиетті Құрандағы тыйымдардан десек қателеспейміз. Мысалы, жоғарыда келтірілген «Ниса» сүресінің 29-30 аяттарын талдап көрейік.

1)    Алла тағала «өздеріңді өлтірмеңдер» деу арқылы мұсылман қауымына қатаң ескерту жасаған.

2)    Содан соң «Расында Алла сендерге мейірбан ғой» деген үмітсіздікпен келешекке сенбеушіліктің рухани емі айтылады. Мұнда «өздеріңді өлтірмеңдер» деген тыйыммен «Расында Алла сендерге ерекше мейірбан ғой» деген сүйіншінің арасында кісі өлімінің бірқатар себептеріне ишара жасалған. Байыппен саралап қарасақ адамның өзін өлтіруіне ең алдымен үмітсіздік себеп болады. Сондай-ақ, Алланың адамзатқа нәсіп еткен сан мыңдаған нығметтеріне көз жұма қараушылықтыңда әсері жоқ емес. Одан соң адамзат баласын мейіріммен, махаббатпен жаратуында мән бар. Ендеше, бұл аяттан «Алла тағала сендерге осынша мол нығметті үйіп-төгіп беріп, ерекше мейірім танытқанда, қалайша сендер өздеріңе қол жұмсайсыңдар» дегендей мағынаны да аңғаруға болады.

3)    Осының бәріне мән бермей, Алланың тыйымына қарсы келіп, өзін немесе өзгені өлтірген кісінің ақыры жалын атқан жаһаннам оты екендігіде бұл аятта «Кімде кім дұшпандықпен, зұлымдықпен солай істейтін болса. Біз оны тозаққа өртейміз. Олай ету үшін Аллаға оңай»,- деп келтірген. Өзін – өзі өлтіруден жан – тәнімен аулақ болу үшін. Демек, өзіне-өзі қол жұмсау дертінің бірден-бір дауасы және оның алдын алудың ең сенімді жолы Ислам дінін ұстану екендігі анық. Адамдардың өзін-өзіне қол жұмсауының басты себебі Аллаға, ахырет күніне және тағдырға иманның әлсіздігінде. Әсіресе, Ислам дініндегі жақсылықта, қиыншылықта Алладан екендігіне сенімнің жоқтығы осындай күнәлі іске көбірек себеп болады. Сондай-ақ,Ұлы Жаратушымызды танып-білу, бұл дүниенің уақытша сынақ алаңы екендігіне илану, жақсы көру, сабыр, тәуекел, т.б имани жіптер адамды өмірге байланыстырып тұрады. Бұл «жіптерге» тиісінше мән бермей қою өмір мен адам арасындағы байланыстардың біртіндеп үзілуіне алып келеді. Содан барып, өмірден безу сияқты әрекеттертуындайды. Адамының өмірі қандай болмасын, басына қандай қиындық түспесін, өзіне қол жұмсамақ түгілі, өлім тілеуінеде болмайды. Өйткені, адамның жаны, тәні, өмірі – Жаратушы тарапынан берілген аманат. Әбу – һурайрадан ( ра) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.ғ.у) былай дейді: «Сендердің біреулерің өзіне өлім тілемесін. Бәлкім егер, ол жақсы пенде болса, ұзақ өмір сүріп жақсылығы көбейе түсер,сөйтіп өмір ол үшін жақсы болар. Бәлкім, егер жаман адам болса,жамандығынан қайтарылар» (Нәсәй риуат еткен).

 Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.у) өз кезегінде әрбір мүмін пенденің имани жағынан күшті болуын талап етеді. Тіршіліктегі тауқыметтермен қателіктер үшін торығу мен түңілуге салынып, өмірден баз кешіп, үмітсіз шайтанға ұқсауға болмайтындығын ескертеді. Өйткені Шайтан Іблістің мақсаты адамзатты адастырып, торына түсіру. Бұл туралы қасиетті Құранда Алла тағала «Ағраф» сүресінің 17 аятында былай дейді: «(Ібіліс айтты): сосынмен адамзатты адастыру үшін алдарынан, арттарынан, оң жақтарынан, сол жақтарынан келетін боламында. Сен олардың көпшілігінің шүкірлі болмағанын көретін боласың» – деген және бір Әбу – һурайрадан ( ра) жеткен хадисте Алланың елшісі (с.ғ.у) былай деген: «Күшті мүмін Алла үшін әлсіз мүміннен гөрі қайырлы әрі сүйікті. Алайда әрқайсысында да қайырлылық бар. Сондықтанда өзіңе пайда әкелетін нәрсеге тырысып, Алладан көмек сұра, әлсіздік танытпа. Егер бір нәрсеболып қалса «егер былай істегенімде олай болмас еді деме, «Алла солай мөлшерледі, қалаганын қылды»деп айт. Расында «егер» сөзі шайтанға жол ашады (Муслим риуят еткен) деген. Өмірде қандай қиындық көрседе, тәңірден күдер үзбей тәуекелшіл бола білу, жақсылықтан үміт ету нағыз мұсылмандық қасиет Ақын Майлықожа айтқандай:

 Адамның күні барма сыналмаған,

 Бақ тайса малменен бас құралмаған.

Күніне тоқсан түрлі көрсең пәле,

Сонда да күдер үзбе бір Алладан.

 

Қорыта келе айтарымыз, құрметті мұсылман бауырлар, өзіне қол жұмсау тығырықтан шығар жол емес. Өзіне-өзі қол жұмсау ісі, көбінесе, үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен, жан тынышсыздығынан туындайды. Ал иманды жан, жүрегі бай адам қашанда бұл дерттен аулақ болады, қиналған кісінің жанын түсінуге тырысайық, құлазыған көңілдерге демеу болайық және ең бастысы өз төңірегімізге қасиетті Ислам дінінің асыл құндылықтарын үйретуді міндетіміз деп білейік. Сондай-ақ, әр қараңғы күн, әр қиыншылықтан кейін бір жеңілдік бар. Алла тағала аспанымыздың ашық, адамдарымыздың парасатты, еліміздің ынтымақты болуын жазсын!

Пайдаланылған адебиеттер:

Хадистер жинағы (Рилдус – солихин) 2011 ж. Хадис – ғұрыпымыз, сүннет – салтымыз. Автор Ш.Әділбаева, 2011 ж.«Ислам және өркениет» газеті, 21-30 қыркүйек 2013ж.№24 (309) 2-бет.

Жұма мінбері 2012 жыл.

Биімбетов Серік Нышанбайұлы,

Отырар аудандық орталық «Арыстанбаб» мешітінің бас имамы

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38