Аса қайырымды және ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын! Әлемнің жаратушысы Аллаһтың даңқы арта берсін! Баршамызға Аллаһтың мейірімі түсе берсін және Мұхамед пайғамбарға және оның отбасына, оның серіктестеріне және өзінің ізгі істерімен оның артынан ерген ізбасарларына сәлем болсын!
Қазіргі заманның негізгі мәселелері: нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік, жемқорлық, жұқпалы аурулар.Әдетте мұндай жағдайлар көбінесе әлеуметтік және экологиялық қолайсыз жағдайларға байланысты туындайды. Шын мәнінде, қолайсыздықтың басты себебі адамның өзінде болып отыр, өйткені әлемді өзгерту үшін алдымен біз өзіміз өзгеруіміз керек. Қоршаған ортаны өзгертуден гөрі өзімізді өзгерту әлдеқайда қиынырақ. Біз өзіміздің ойлауымызды, дүниетанымымызды және руханилығымызды түбегейлі өзгерту үшін бүгінгі таңда ұтымды тетіктерді, құралдарды және жүйелерді иемденбей отырмыз. Қазіргі заманның ғалымдары адамның өзінің ойлауының өнімі болып табылатын адамзаттың жинақтаған білімдерін қайта қарауға шақырады, ал, дегенмен, негізгі күштерді Құдайлық аянмен берілген Қасиетті Құранға негізделген тұлғаның өзіндік рухани дамуына бағыттау қажет. Әлемді өзгертіп және оған ықпал ету үшін алдымен адам өзін түсінуі керек. Адам өзін түсінуі үшін білім керек, ал адамның өзі туралы және барлық Ғалам туралы шынайы білімдер Қасиетті Құранда жинақталған. «Біз саған адамдар үшін ақиқатқа толы ілім жібердік. Кім тура жолмен жүретін болса – өзі үшін керек, кім адасатын болса – өзіне зиянын тигізеді» (39 сүре, 41аят).
Қазақстан өз тарихында 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Қарапайым рәсімге (қазақ халқы санының жүргізілген санақтар арасындағы арифметикалық алшақтықты анықтауға) негізделген зерттеулерде шығын, әдетте, 1 млн адам шегінде аталады. Көрінеу көбейтілген бағалаулар да кездеседі, мысалы, белгілі америкалық маман Марта Олкоттың «Әлеуметтік өткенді бағамдау: Орта Азия қазақтары» атты кітабында екі миллиондық құрбандық туралы айтылады. Осындай зұлматты жылдарды бастан кешіріп барып егемендікке қол жеткіздік. Егеменді ел болғанымыздан кейін, ақын айтқандай, «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы дербес дамуға мүмкіндік алып, алыс-жақынын түгендеп, ел туы астында жинала бастады. 2009 ж. Қазақстан Республикасы халық санағы бойынша, сол жылдың басында өз еліміздегі қазақтардың саны 10 млн-нан асып түсті. Ал осыдан бірер жыл бұрын шетелдердегі отандастарымыздың саны 5,5 млн-дай деген дерек болған-ды. Осыған байланысты қазіргі таңда қазақтардың жалпы саны (өз еліміздегілер мен шетелдегілерді қоса есептегенде) 15,5-16 млн. деп айтуға толық мүмкіндік бар. Бұл қазақ ұлтының көп ғасырлар бойы, талай демографиялық апаттарды бастан кеше отырып, егеменділік жағдайында өз еліндегі халықтың көпшілігіне айналғанда ғана, қол жеткізген үлкен бір жеңісі болды. Енді Қазақстан Республикасындағы этнодемографиялық жағдайды анықтайтын, оның негізгі сипаттарына өз ерекшеліктерін беретін, бұдан кейін де халықтың өсіп-дамуы бағыттарын белгілейтін қазақ ұлтының өзі болатын жағдай қалыптасып үлгерді десек дұрыс болады.
Ал Таяу Шығыс аймағындағы сыртқы күштердің геосаяси текетіресі, ашық айтқанда, Ауғанстан, Ирак, Ливия елдеріне жасалған әскери интервенциялар, Сириядағы гибридтік соғыс «Әл-Каида», «ДАИШ» (Қазақ¬станда тыйым салынған) сияқты тер¬рорлық ұйымдардың жұмылып, ық¬пал¬дасуына алып келді. Мемлекет¬тілік дәстүрлері күшті бірнеше араб елінің (Ливия, Ирак, Сирия) ұлт¬тық қауіпсіздігіне жойқын залал кел¬ті¬ріліп, тікелей ыдырау қаупі төніп, есесіне экстремистер күшейіп кетті. Сириядағы халықаралық шиеленіс дүниежүзілік терроризмнің басты таралу ошағына айналды. Біз мұндай дағдарыстарға қарсы тұрып, асыл дінімізбен бейбітшілікке ұмтылуымыз керек.
«Шын мәнінде күлдірген де, жылатқан да Ол. Өйткені, өлтірген де, тірілткен де Ол. Шүбәсыз Алла, ер, әйелді жұп жаратқан. Тамызылған бір тамшы “мәни” суынан. Шәксіз екінші жасау да Оған тән. Сөз жоқ, байытқан да, өркендеткен де Ол». Енді бір аятта Алла Тағала әрбір еңбекті зая жібермейтіні жайлы баяндап былай дейді:
«Адамзат; еңбегіне қарай ғана табысқа ие болады». Демек, адам баласының шүкірі шынайы, көркем болған сайын Алла құзырындағы дәрежесі де биіктей түседі деген сөз.
Құран Кәрімнің анасы, бастауыш сүре – «Фатиха» сүресінің өзі «Барлық мақтау әлемдердің Раббысы болған Аллаға тән» деп Аллаға мадақ айтып, шүкіршілік етумен басталады. Бұл сүренің әрбір намаздың әр рәкағатында қайталанатынын ескерсек, тілмен шүкір етудің жарқын үлгісін көрсеткен аят күніге 40 мәрте қайталанады.
Бір күні Пайғамбарымыз (ﷺ) бір адамның намаздан кейін Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтпастан, «Уа, Алла Талаға! Мені кешіре гөр, жарылқай гөр» деп дұға жасап жатқанын естіп, содан: «Бұл адам асығыстық қылды» дейді де, ол адамды шақырып: «Сіздерден біреулеріңіз дұға жасамақшы болсаңыздар, алдымен Аллаға мадақ айтып, сосын Пайғамбарға (ﷺ) салауат жолдасын да, қалағанын сұрасын»,-деп бұйырады. Бұл хадисте ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) бүкіл адамзат баласына Алладан дұға жасаудың керемет үлгісін насихат етіп отыр. Әрине, бұл Құран Кәрімнің өзі Аллаға мадақпен басталады және көптеген сүрелерде қайталанады. Бұл Аллаға мадақ айтудың маңыздылығын білдірсе керек. Шындығында да, Аллаға деген әрбір мадақ айтуымыз – шүкір, әрбір шүкіріміздің өзі Алланың нығыметтері үшін айтылған мадақ болып саналады.
Ардақты Елші (ﷺ) тағы бір хадисінде:
«Аллаға мадақ айту – шүкірдің басы. Аллаға мадақ айтпаған Оған шүкіршілік жасамағаны[12]»,-деп айтқан екен.
Осылайша, үмметіне үн қатқан Алла Расулы (ﷺ) өзі дұға жасаған кезде әрдайым дұғасын Аллаға мадақ айтумен бастап, қажетін сұрап болғасын да «Әлхамдулилла» деумен дұғасын тамамдайды екен. Бұның өзі Алла Елшісінің (ﷺ) шынайы шүкіршілігінің бір көрінісі болса керек.
Алла Тағала әрбір ризыққа шүкіршілік етуіміз керек екенін ескертіп, қасиетті Құран Кәрімде былай дейді:
«Әй мүміндер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер. Әрі Аллаға шүкірлік етіңдер, егер Оған ғана құлшылық ететін болсаңдар»[13]. Демек, шүкір ету – біздің шынайы құл екеніміздің көрінісі, мұсылманшылығымыздың асыл сипаты, Алла Тағаланың әмірі.
Пайғамбарымыз (ﷺ) да:
«Кімде-кім тамақтанарда «Менің күш-қуатымсыз мені ризықтандырып, тамақтандырған Аллаға мадақ» десе, кішкентай күнәлары кешіріледі»,-деп, шынайы құлдың әрбір тамақтанар сәтінде де Аллаға шүкір етуінің қажеттілігін баса дәріптейді.
Шүкіршілік жайлы айтқан кезде, басқа құлшылық түрлері секілді бұл ғибадаттың да дене мүшелердің қатысуымен жасалатынын ескерген жөн. Яғни, дене мүшелеріміздің Аллаға ғибадат етуі, Алла ризалығы жолында қызмет жасауы, құлшылықтар атқарып, үкімдерге бағынуы дененің шүкірі болып табылмақ. Ендеше барымызға шүкір етейік, еліміз бірлікте өмір сүру үшін дұға етейік!
Серғали қажы Байниязов,
Бәйдібек ауданының бас имамы