ҚМДБ Шымкент қаласы, Жастар ісі секторы, Шымкент қалалық орталық “Halifa an-Nahatyan Aqmeshity” мешітінің найб имамы Сүйін Жұмағали мен Жастар ісі секторының меңгерушісі Али Анарқұлұлының жетекшілігімен “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” атты тақырыпта жастардың басын біріктіріп қайырымдылық іс шарасын өткізді. Аталмыш іс-шарада қаламыздағы көше тазалаушы қызметкерлерге ас беріп, азық түлік таратып, тәтті сыйлықтармен бірге уағыз насихат айтып алғысын алды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі