Әлемді жаратқан, мәңгі бар болған, мекенге мұқтаж болмаған, тұрақты, өзегермейтін,дамымайтын, кемшілік айыптардан пәк, ешбір нәрсеге ұқсамаған, естуші және бақылаушы Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын.
Жүрегіміздің сүйіктісі, адамзаттың асыл тәжі болған Мухаммад салаллаһы уалейкумассаламға сәлеммен салауаттар болсын.
Құрани Кәрімде Алла тағала:
(كُنتُمْ خَيْرَ أُمَّةٍ أُخْرِجَتْ لِلنَّاسِ تَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَتَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنكَرِ وَتُؤْمِنُونَ بِاللهِ (سورة ءال عمران.
(Жақсылыққа шақырып жамандықтан тыйған, Аллаға иман еткен адамдар арасында абзалы болған үмбетсіңдер. ) Аль Имран сүресі.
Пайғамбарымыз «с.а.с» өз хадис шаріпінде ;
“مَن رأى منكم منكرًا فليغيرْه بيده، فإن لم يستطع فبلسانه فإن لم يستطع فبقلبه وذلك أضعف الإيمان”
«Кімде кім жамандық көрсе қолымен тоқтатсын, шамасы келмеген тілімен, кімнің оған шамасы келмесе жүрегімен жек көрсін ол болса иманның әлсіздігінен» деген.
Біздердің әрбіріміз Алла дене беріп ұқсатқан, пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және ізгілерге тіл тигізген, мұсылмандардың амалдарын Аллаға серік қосуға теңеп, күпірлікке шығарған адасқан уахабилік топтан сақ болуымыз керек. Аллаға және Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бой ұсынудан бас тартқан мұсылмандардың жолынан өзге жол құрған. 250 жыл бұрын негізін көтерген уахабилік ағымының бастауы Нажда аймағында Хижаз елінде Мухаммед ибн Абдул Уахаб есімді адамнан басталды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) біздерге Бухари жинағында келген хадисте:
(مِنْها يَطْلُعُ قَرْنُ الشَّيْطَان)
Нажда аймағынан шайтан мүйізі көрінеді деген ескерту айтқан болатын.
Міне, сол көрінген мүйіз бүкіл мұсылмандар арасына іріткі салып,әбүйірге салды. Іріткі шоқтары жалын отқа айналып бүкіл жерді бүлдірді. Қатарына қосылған бүлік іздеушілер жер-жаһанды аралап, теріс уағыздарын айтып, елді адастыға шығарды. Сондай-ақ, олар өздерін сәләфилер, сүннет көмекшілері деп атады. Муххамад ибн Абдуль Уахаб тәлімін өзінен алдын болған мұсылмандарға танымал, негізгі ислам діні «ахли сунна уаль жамаа» (суннет және жамағат иелері) ұстанымына қарсы шыққан бүлікші және Аллаға дене беріп ұқсатушы Ибн Таймиядан жалғасын алған. Тіпті ол сорақылық жағынан Ибн Таймиядан да озып, бүліктің зорын көрсетті.
Әкесі Абдуль Уахаб ибн Сулейман баласы Мухамедке қатты наразы болған. Ол:«мына баланың жамандығын көрген болсандар, Алланың жазғаны, болар іс болды», – деп айтады екен.
Оның бауыры Сулейман үлкен ілім иесі ғұламалардан болды. Олда Мухамед ибн Абдул Уахабқа қатты ренжіген екен. Тіпті ол соған байланысты «Мухамед ибн Абдул Уахабқа арнайы жауап» “فَصْل الخِطَابِ فِي الرَّدِّ عَلى مُحَمَّدِ بنِ عَبْدِ الوَهَّاب“атты кітап та жазды. Кітабында Мухаммед ибн Абдуль Уахабтыңөзінеермеген мұсылмандыкәпірсанағандығы, ондай адамның қаныда, малыда, жаныда адал дегеніне қарсы жауап жазды. Осы жазған кітабы үшін Мухамед ибн Абдуль Уахаб өз бауыры Сүлейменді өлтіруге адам жалдағанмен, Алланың қалауымен Сүлеймен бауырының жамандығынан аман қалды.
Абдуль Уаһаб Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтып «О, Мухаммад!» деп жалбарынуды (тауасул) жасауды және әулие кісілердің затынан табарук алуды күпірлік санайды. Осы ұстанымда болған барша мұсылман үмбетін кәпірге шығарды.
Баршасына Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуға тыйым салып, салауат айтушыларға жаза қолданып, өлтіруге дейін барып отырды. Ол өзінің осындай амалдарын иман бірлігін (таухидті) сақтап қалу үшін деп ақталып отырды.
Мухаммад ибн Абдул Уахаб және оның қатарына қосылған жақтастары Пайғамбарымыз Мұхаммедті(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үнемікемсітіп, келеке етіп отырғаны да шындық. Ол: «Мына менің қолымдағы аса таяқтың пайдасы, Пайғамбар болып өткен Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайдалы. Бұл таяқпен мен улы жыланды өлтіремін тағы басқа істерімде пайдаланамын, ал Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) болса өлді, енді оның адамдарға берер пайдасы мүлдем жоқ», – деген сөздері өздерінің арасында кеңінен тарады. Осындай ұшқары ойларының нәтижесінде ол тіпті қаншама ислам заңдылықтары (Фиқһ), құран тәпсір, хадис кітаптарын өртеткізді. Солардың қатарында ол мұсылмандардың Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәуліт шарипін (туған күнін) тойлап және оған (қабірін) зиярат етуден тыйды. Ол тіпті өз діттеген мақсатынан жету үшін ана кеудесіндегі емізуліжас сәбиді, мешітте намаз оқыған адамды, қария- қартты өлтіруден де тайынбады.
Ол сондай-ақ, таухид ілімі деп Алла тағаланың ұлықтығына мін келтірді. Алла тағалаға көтерілу, түсу, отыру сияқты адам жаратылысында болған сипаттарды жанастырды. Мұндай сорақылықты ислам әлемі алдын көрмеген болатын.
Алла тағаланың қолы, беті, екі көзі, аяқтары, жалпы дене мүшесі бар екенін айтып сендірмек болды. Ал Алла тағала барша жаратылыстан пәк, Ол ешбір нәрсеге ұқсамайды деген ұғым қайда қалды?!
1811-1818 жылдары Әміршінің тапсырмасымен Египет елінінен келген мұсылмандар әскері, Мекке қаласын вахабиттерден тазартқан болатын. Бұл жайында Мекке муфтиі болған Ахмад ибн Зейни Дахлан кітабында баяндайды жәнеХанафи мазхабының ғұламасы болған белгілі Ибн Абидинде өзінің хашия еңбегінде Дарул мухтарда (4том. 262бет.) болған жайтты айтып өткен. Ол заманымыздың хауариждері болған Мұхаммед ибн Уахабқа еру тармағын жазып, болған жағдайды толық ашықтайды.
Уахабилер жамандығынан азат болған Мекке халқының қуанышы көпке созылмады. Өкініштісі, шайтанның мүйізі қайта көрініс алуда.
Мухаммад ибн Абдуль Уахаб пен Ибн Таймияның жалған ілімдерін салафилер жолын ( сахабалар ментабииндер, яғни ислам дәуірінің алғашқы 500 жылдығында өмір сүргендер) ұстану керек деп жаман пиғылдарын қайта жаңғыртуда.
Оның тағы бір пәтуасы – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған күнін тойлаған күні сойылған малдың етінің шошқа етінен де харам делінетіндігі. Ал оның идеясын қолдаушы Албанидың шәкірттері азан айтылғаннан кейін салауат айту – анасымен некелесумен тең деген фатуа шығарады. Олардың тарапынан Абдул Уахабтың идеологиясын мойындамаған жастардың некесі, шариғатқа сай емес және туылған бала некесіздіктен туған тексіз болып саналады деген сияқты жиіркенішті патуалары жетерлік.
Әрине, ақиқатында бәрі керісінше. Ислам ғұламалары пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) атымен жәрдем сұрауды, әулие кісілердің затын табарук қылуды мақұлдағаны рас.
Абдулла ибн Омардыңаяғы ауырған кезде: «О, Мұхамммед!» деп жалбарынғанда аяғының жазылғандығы айтылады. Бұл хадисті Бухари, Имам Науауи,тіпті Ибн Таймияның өзі де растайды.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла мен саған мейірімді Пайғамбар Мұххамедтің атымен сұранамын, «О, Мұхаммед! Сенің атыңмен раббыма жалбарынамын, қажетімді бер….» деп дұға жасауды сахабаларға үйреткені бар. Бұл хадисті Байхақи, Тармизи,Ибн Хажар, Хаким, Захаби растайды. Ол жөнінде Ибн Касир бидая уа нихаяда келтірген.
Алла тағала Құрани Кәрімде: {ليس كمثله شيء} «Оған, яғни Аллаға ешкім ұқсамайды», – десе,Имам Тахауи: «Кімде кім Алланы сипаттағанда адам денесіне ұқсаған мағынада сипаттайтын болса діннен шығады», – деген.
Ғалымдар бірауыздан Алла бар, мекенге мұқтаж емес деген. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) (كان الله ولم يكن شيء غيره) Алла бар, және ол барда одан басқа ештеңе жоқ еді. Али р.а. :(كان الله ولا مكان وهو الآن على ما عليه كان)Алла бар кезде мекен болмады, Ол мекен болмағанда қандай болса кәзір сондай.
Имам Тахауи: تعالى عن الحدود والغايات والأركان والأعضاء والأدوات ولا تحويه الجهات الستّ كسائر المبتدعات)Алла тағала шектеулерден, соңы болудан, тіреулерден, дене мүшелерден, құралдардан және алты тараптың қамтуынан пәк деген.
Дініміз өзге діндердегі көп құдайға табынудан және Алла тағаланы сурет бейнеде, денемен елестетуден ойымызды аулақ ұстауға шақырады. Пайғамбарымызда (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзге дін өкілдеріне дінді насихаттағанда ықылас сүресін оқитын болған. Яғни: «Алла жалғыз, Алла абсолютты, тумаған, туылмаған, ешбір нәрсе оған тең келмейді», – деп насихаттаған.
Ендеше, бұл вахабилердің діттеген мақсаты – дініміздің негіз сенімін бұзып, пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келеке ету дегеннен басқа айтарымыз жоқ. Дәстүрлі дінімізді ұстанған бабаларымыздың ұстанымын жоққа шығару,мұсылмандардың арасына бүлік тудыру,ұйыған арандай болған бірлігімізге дат салу, бабаларымыз ұстанып келген Абу ханифа мазхабы мен Матрудия ақидасына (сеніміне) күмән салу олардың басты ұстанымдық бағыттары демеске амал жоқ.
Ыбырай Алтынсарин: «…Ол Алла Тағала дене иесі емес, сурет иесі емес, асыл жауһардай заттар сипатында емес, мекен я бір орын иесі емес, бос орынды толтырушыдан емес, тамақ жеушілерден, ішушілерден емес, біреуді тудырған емес, яки біреуден туған емес…» десе, белгілі шайыр М.Көпейұлы бұл жөніндегі оралымды ойларын өлеңмен былайшы өрнектейді:
«Ол Алла жисм* жауһар* ғариз* емес,
Боларға басқа-басқа бөлектенбес.
Алланы еш нәрсеге ұқсатуға
Еш нәрсе Оған ұқсап, жөні келмес.
Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес,
Мекенін бір Алланың ешкім білмес.
Иаусыма аусы – төрт жақтан пәкдүр Алла,
Муминнің Алла деген көңілінде емес.
Сипаты сегіз болған бірі – кәләм,
Сөйлейді құдіретімен Алла тағалам.
Сөйлеуі біздей тілмен, жақпен емес,
Тіл, жаққа мұқтаж емес секілді адам.
Алды, арты, асты, үсті, оң, солы жоқ.
Ауыз, мұрын, аяқ, бас, көз, қолы жоқ.
Ешнәрсе ұқсамайды, Ол ешнәрсеге
Кітаптың айтқанынан ойлама көп».
Шын мәнінде, арамызда жүріп намаз оқып, мазхабты (мектеп), құран оқып бағыштаған сауапты, ата- ананың ақ баталарын мойындамауды үлкен опасыздық демеске лаж жоқ. Сәләфилердің жолын ұстанушылармыз дейтіндердің Құран мен сүннеттің арқасын паналап, арам пиғылдарын жасырын іске асыруға тырысушылығы – еліміздегі үлкен дерттің бірі деуге болады. Бұл дертке әр елдің мұслмандары әр түрлі төтеп беруде. Солардың салдарынан көптеген елдерде ислам терроризм, радикализм, фанатизм сөздерімен синоним ретінде қойылатын болды. Мұның алдағы кезеңдерде өз жауабы болатыны анық. Сондықтан адасып жүрген ағайынға айтарымыз – шынайы жолыңды нақты таба біл дегіміз келеді.
Дастан Желеуов,
Шымкент қаласы «Қождан ата» мешітінің бас имамы