Ғалым Абдусаттар Сманов мешітінің әйел жамағатының ұйымдастыруымен «Құран – әлемге нұр шашқан кітап» атты рухани кеш өткізілді. Кешті қасиетті Құранмен ашып бастап, келген қонақтарға Құран жайлы ғибратты қойлымдар көрсетілді, Алла жайында өлең шуақтар оқылды, көрермендерді сергітер қызықты, ой салатын бейнелі Құран жайлы сұрақтар болды. Кішкентай қыздардың орындауында » Аллаға мадақ » иләһи ән айтылды. Соңында мешіт шәкірттері арасында Құранға түскендерге, 30 қасиетті кітап сыйға тартылып, марапатталды. Әрине қонақтар арасында Құран үйренуге ниетті болған кісілерге де түрткі болып, кеш соңында мешіт дәрістеріне келетіндіктерін айтып өтті. Сыйлықтар тарту етіліп тарқасты.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38