«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің», – деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы. Қасиетті Рамазан айында қайырымды азаматтың қайырымдылығымен Шардара ауданы «Шардара» орталық мешіті арқылы әлеуметтік жағдайы төмен 6 отбасыға еттей көмек берілсе, Шардара ауданы Ұзын ата ауылы «Ұзын ата» мешітінің молдасы Б. Ермекбаев, көмекші молда Қалыбековтің ұйымдастыруымен демеуші арқылы әлеуметтік жағдайы төмен әр 3 отбасыға үш қап ұн, 5 литр Арай ақ май, 5 кг маш, 2 кг күріш таратылды. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір – біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.