IMG 1202

IMG 1202

Қасиетті Рамазан айында жылдағы дәстүрге сәйкес Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің дәмханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан 170 намазхан мешіт жамағатына ауызашар дастарханы жайылды.
Ауызашар рәсіміне облыс имам Ахметжан қажы Керімбек және Шымкент қаласы Абай аудандық орталық «Қождан ата» мешітінің бас имамы Дастан Желеуов және облыстық «Зекет» қорының өкілі Ғалымжан қажы Назаровтар қатысып, жиналған көпшілікке Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтауы мен Рамазан айына байланысты ел халқына жолдаған үндеуін кеңінен таныстырды.
Аталмыш шараның кең көлемде өтуіне облыстық «Зекет» қорының өкілдігі мұрындық болды. Шара соңында барлық қатысушыларға кәде-сыйлық табыс етілді.
Жалпы, қатысушылар тарапынан діни басқарма жұмысына оң баға беріп, ризалықтарын білдірді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 1195

IMG 1196

IMG 1197

IMG 1198

IMG 1199

IMG 1200

IMG 1201

IMG 1202

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38