Шымкент қаласы №64-мектеп ұжымының ұйымдастыруымен 7,8,9- сынып оқушыларына жат ағыммнан жырақта болып, білім мен өнер ғылымға баулу мақсатында жиын өткізілді.
Жиын барысында Тұран аудандық “Қождан ата” мешітінің Найб имамы Жарасов Арман оқушыларға діни Эктремизмнің алдын алу және имандылық тақырыпта уағыз насихат айтып, жастардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.
Жиын соңында дәстүрлі ойындардың артықшылығы жайында дәріптеп, қызықты логикалық сұрақ жауаптар ойнатып, жастардың рухын көтеріп, дұрыс сенім мен түсінікте болуы жеткізілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі