ҚМДБ Шымкент қаласы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен, Мешіттер жамағаты және Жастар арасындағы футболдан жарыс ұйымдастырылды! Спорттың саулық кепілі екені баршамызға белгілі. Десек те, көпшілігіміз спортпен айналысуды тұрақты түрде дағдыға айналдыра алмай жүргеніміз тағы жасырын емес. Оның түрлі себептері де жетерлік. Бұл тұрғыда, үлкендер жағын айтпағанның өзінде, жастардың алдынан да көптеген кедергілер көлденеңінен шығып жатады. Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан бұл тұрғыдағы атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі