Бүгін Шымкент қаласы Тұран ауданданы «Қождан ата» мешітінде ауданға қарасты мешіт имамдарымен жиын өтті. Жиын барысында Шымкент қаласының бас имамы – Бақдәулет Абдрахмановтың берген тапсырмалары пысықталды. Сонымен қатар Тұран ауданының бас имамы Тұрапбай Ақтөре мешіт имамдарына және салаға жауапты мамандарға, белсенді қызмет атқаруды тапсырды. Жиын соңында Тұран ауданының бас имамы Тұрапбай Ақтөре – ай саиын «Көшпелі семинар» өтететінін мәлімдеді. «Көшпелі семинар» бүгін Тұран аудандық «Қождан ата» мешітінен бастау алатын болды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі