Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет» қорның өкілі Айбек Азимбаев пен қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Али Анарқұлұлы және мешіт имамдары қатысып, ізгі іс жасады.
Жалпы, қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын, яғни 1000 оқушыға (дәптерлер, қалам, сызғыш, церкуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, сурет дәптер, қалам ұштағыш, желім т.б.) үлестірілді.
Игі шараға тамыз айының соңына дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандық мешіттерінде жалғасады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі