Бүгін ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Шымкент орталық мешітінде «Құран сөнбес сәуле, жарық нұр!» атты рухани танымдық шара өтті. Айтулы рухани танымдық басқосуға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров,  қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжан, қалалық орталық мешіттің ұстазы Күлсара Бекет арнайы қатысып, барша қатысушыларды  құттықтады. ҚМДБ-ның оқу бөлімінің жылдық бағдарламасына сәйкес, жыл басынан бері 2 рет  Құран әліппесін бітірушілер шарасы өткізілді. Бүгінгі шарада Бекет Күлсара ұстаздың сыныбында оқыған Құран әліппесін толық меңгерген 30 шәкіртке арнайы сертифиат табыстау шарасы өтті. Рухани шара барысында діни әндер мен сахналық қойылымға кезек беріліп, Пайғамбарымызға жыр-дастан, сауалаттар айтылды. Шара соңында қатысушылардың құрметіне «Мұмтаз» халал дәмханасында дастархан жайылды.

  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38