ҚМДБ Шымкент қаласы имамы Бағдәулет қажы Нұрматұлы бастамасымен “Д.А.Қонаев” мешіті жамағаты және шәкірттері арасында имамның ұйымдастыруы бойынша Алланың 99 есім сипатын Қазақша мағынасымен бірге жатқа жазудан жарыс болып өтті. Жүлделі орынға жалпы 14 адам қатысып алғашқы бес орынға жүлде тағайындалды.
1. Бауыржан
2. Бағдат
3. Мағжан
Бас жүлдеге 40000 теңге бірінші орынға 30000 теңге екінші орынға 20000 теңге үшінші және төртінші орынға 10000 теңгеден қаржылай сыйлық берілді. Осы іс-шараға мұрындық болып отырған ағамызға дұға-тілектер арналды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі