Бүгін Қазақстан мұсымандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде екі күнге жоспарланған мешіт дін қызметкерлерінен сынақ алу шарасы ұйымдастырылды. Сынақ алу шарасына Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қатысып, ҚМДБ-ның Сараптау комиссиясының шешімі және қалалық имамдардың білімін жетілдіру және қайта даярлау курсының нәтижесіне орай имамдарға сынақ алудың маңыздылығына тоқталып өтті. Сынақты ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұсабек Ақтамберді, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, әйгілі Әл-Азһар университетінің түлектері Нұрсұлтан қари Мамедалиев, Ақтөре қари Тұрапбай ұстаздар алды. Мешіт имамдары Құран, тәжуид, қирағат, жұма хұтбасы, неке қию және жаназа дұғасы, құныт дұғасы, т.б.с. күнделікті намазда оқылатын дұғаларды жатқа айту және тәжуид бойынша сынақ тапсырды. Айта кетсек, Шымкент қаласында 91 мешіттің 265 дін қызметкері сынақ тапсырды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі