ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында  Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Аңламас ата» мешітіне бас имам болып жуырда Бас мүфти бұйырығымен тағайындалған Аманжал қажы Серікбаевтың ұйымдастыуымен Құран жарысы өтті.

Жарысқа Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамдары Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізді.

 Жалпы жарысқа 65 қари қатысты. Жарысқа әйгілі Әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан қари Мамедалиев, Мейірбек қари Сәрсенбаев және Абдусамат Әшімжан қари-ұстаздарымыз төрелік етті.

Қатысушылар үш аталым негізінде жарысқа түсіп,  жарыс нәтижесі бойынша:

10 пара:

1-орын:Илхамжанов Абдулазиз

2-орын:Шыңғысбайұлы Абай

3-орын: Сержанұлы Исламнұри

3 пара бойынша

1-орын: Шакиров Омар

2-орын: Аринжанов Алишах

3-орын: Ғалешов Жалғас

30-шы пара бойынша:

1 -орын:Аримжанов Эмиршах

2-орын: Оразалиев Ахметжан

3-орын: Төлеген Абдрахман

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа Айтбаевтар әулеті демеушілік көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға алғыс хат пен  қаржылай сыйлықтар табысталды.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38