Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Қаратау  ауданы «Сайрам» мешіті мен  қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімі арнайы Өзбекстан еліне бірқатар қалаларына саяхат ұйымдастырылды.

Саяхат барысында Өзбекістан елінің Ташкент, Самарқант, Бұқара, Шеробад, Самасии, Харезм, Мубарак, Дехқонабад Шехи-Саз сынды қалаларына бір апталық саяхат жасалды.

Саяхат құрамына «Сайрам» мешітінің имамы Салахиддан Мухиддинов бастаған білікті мамандар мен мешіт жанындағы «Әйел-қыздар» секторының ұстаздары мен мүшелері қатысты. Жалпы 6 облыс, 11 қалада орналасқан 34 киелі орынға зиярат етілді.

Айта кетсек, қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің өкілі Мұхамеджан Естеміровтің айтуынша ҚМДБ-ның қолға алып отырған салаларының бірі һәм бірегейі отандық туризм саласын дамыту, киелі орындарды насихаттау, зиярат әдебі мен ережесін түсіндіру мақсатында «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімі жұмыс жасап келеді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38