Қоғамның жегі құрты – сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің дамуына, экономикалық өсуіне тигізетін зардабы орасан. Осынау індетті түп-тамырымен жою үшін қоғамымыз пәрменді түрде күрес жүргізіп келеді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттігінің «Есіктен есікке» бағдарламасы аясында «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты шардаралық жастардың форумы өтті.
«Абай» алаңында өткен форумға аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, құқық қорғау органдары, мәдениет саласының қызметкерлері және №16 колледж, білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушылары мен аудан жастары қатысып, сыбайлас жемқорлыққа жұмыла қарсылығын білдірді.
Форумда аудандық ішкі саясат бөлімінің баксшысы Бауыржан Шомпиев сөз сөйледі.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың қаңтар айында «Қазақстаннның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасалатыны жөнінде айтылды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жемқорлықтың қоғамға тигізер зардабы мен оның жазасын әрбір тұрғынға жеке-жеке жеткізу мақсатында «Есіктен есікке» бағдарламасы сынамалы тәртіпте іске қосылды.
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес.
Құрметті бүгінгі форумға қатысушы жастар!
Біздің өз болашағымыз өз қолымызда. Сіздерді бүгінгі форумға қатыстыруымыз, тек мемлекеттік органдар ғана сыбайлас жемқорлықпен күресіп қоймай, ауданымыздың 27 пайызға жуығын құрайтын жастар да белсене кірісіп жатқанын халыққа жария ету. Сондықтан жастар, Сіздерді, жұмылған жұдырықтай біріге отырып, елімізде болып жатқан заңсыздықпен, әділетсіздікпен күресуге шақырамын, – деді Бауыржан Қуанышбайұлы.
Дәл осындай мазмұнда аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы І Қыстау Ілесов, №16 колледжінің химия пәнінің мұғалімі Нұргүл Әйтенова, Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты Бекзат Біләлов, қаласы әкімі аппаратының бас маманы Нұрболат Орынбаев, жастар атынан «Шарайна» газетінің тілшісі Зұлхымар Ділдәбек сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа бірауыздан қарсылықтарын білдірісті.
«Парасыз болашаққа. Бірге!» атты жастар форуының өткізілуіне орай, жастар тарапынан үндеу қабылданды. Үндеу мәтінін «Шардара» мектеп-лицейінің 10 «ә» сынып оқушысы Асқар Қалдарбек көпке таныстырып, оқып шықты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар форумында қаладағы №16 колледж, Шардара мектеп-лицейі, М. Әуезов, М. Горький, Б. Соқпақбаев, Қ. Аманжолов, Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары арнайы флеш-моб ұйымдастырып, оны алаңға келген көпшілік тамашалады.
Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы парақшалар таратылды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.