IMG 1097

IMG 1097

«Әдемілік түріңнен көрінеді, қайырымдылық ісіңнен көрінеді», – деп жатады дана халқымыз. Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің зекет бөлімі бойынша өкілі Н. Байжановтың ұйымдастыруымен Шардара орта мектебін бітірген 10 – жылдық түлектері «Шардара» орталық мешітінде көпшілікке дастархан жайып, қариялардың батасын алып, соңынан дүниеден өткен ұстаздарымен сыныптас жолдастарына қасиетті Құран Кәрімді оқытып сауабын бағыштады. Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым – қатынастарын білдіреді. Осыған орай әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтамасыз етілген 15 отбасыға қаржылай көмек көрсетсе, Шардара қаласы М. Әуезов орта мектебін 2007 жылы бітірген түлектері «Шардара» орталық мешітінің ұстазы М. Ханзадаев, аудандық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ. Ерназаров мүмкіндігі шектеулі 10 отбасыға 12000 теңгеден әр отбасыға азық – түлік себетін таратса, қайырымды азаматтардың қайырымдылығымен қасиетті Рамазан айының қарсаңында Шардара қаласы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің бас имамы, Жастар өкілі Н. Шәдекұлының ұйытқы болуымен әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтамасыз етілген 3 отбасыға қой таратылды.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

IMG 1094

IMG 1095

IMG 1096

IMG 1097

IMG 1098

IMG 1099

IMG 1100

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38