ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен Рамазан айының құрметіне орай Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің бас имамы Омар қажы Елеуұлының бас болуымен Түркістан қаласы, Шорнақ ауылдық «Қош келдің, Рамазан!» атты кездесу өтті. Кездесуге орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің наиб имамы Сүлеймен қари Моллатілеуұлы сөз алып, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Үндеуімен құттықтауын жеткізіп, бас имам Омар қажы Елеуұлының арнайы сәлемін жеткізіп, Рамазан айының шарапаты, жақсылыққа жәрдемші болып, жамандықтан қашу туралы уағыз айтты. Елді бүлдіретін түрлі жамандықты тоқтатуға жәрдемші болуға шақырды.
Кездесуге Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің наиб имамы Сүлеймен қари Моллатілеуұлы, баспасөз хатшысы Мұстафа Қалжанұлы, «Тұран-Түркістан» телеарнасы, Шорнақ елді мекенінің «Аша», «Дервишәлі», «Суннат» мешіттерінің молдалары, Шорнақ ауылдық округ әкімінің орынбасары Гүлшара апай, ақсақалдар, жамағаттар, кәсіпкерлер, мектеп ұжымы қатысты. Шара барасында арнайы ХАТТАМА толтырылып, Үндеу жарияланды.
Күн тәртібі:
1. Рамазан айының құрметіне орай дүкен иелері арақ-шарап сатпау;
2. Азық-түлік бағасын көтермеу;
3. Барша жұрт қайырымдылық шараларына үлес қосу;
4. Такси қызметтері Алла разылығы үшін бір мезет тегін тасымалдау;
5. Құдайы астарды (Бейсенбілік, Жеті күндік, Қырық күндік, Жүз күндік) ауызашар уақытында беру.
Т.б. мәселелер қаралып, халық тарапынан толық қолдау тапты. Алла сауаптан жазсын.
Түркістан қаласы орталық
«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз бөлімі