IMG 1080

IMG 1080

Арыс қаласы имам молдалары «Ысқақ» мешітінде Елордамыз Астанадағы екіншірет «Бейбітшілік және келісіп» сарайында «Ислам және оркениет» тақырыбына арналған II Республикалық имамдар форумында қабылданған «ХХI ғасырдың үздік зияткер имамы» Тұжырымдамасымен «Ханафи мәзхабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» атты құжаттарымен таныстыру мақсатында семинар өтті. Аталмыш семинарға Өкіл имамның орынбасары Естеміров Мұхамметжан және Облыстық мешіттің іс- басқарушысы Қамбар Абай арнайы қатысып, қабылданған құжаттар мен үндеудің маңыздылығын тарқатып мешіт имамдарына түсіндірді. Осы семинарды пайдалана отырып, имам молдаларға Қасиетті Рамазан айына дайындықты пысықтап, атқарылатын шараларға байланысты тапсырмалар берілді.

Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің баспасөз қызметі.

 

IMG 1079

IMG 1080

IMG 1081

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38