- Кәффарат оразасы мойнына парыз болған кісі екі ай бойы үзбей ұстауы қажет.
- Рамазан айында сапарға шыққан кісінің оразасын кейінге шегеруге рұқсат берілгенімен, кәффарат оразасын ұстаушылар сапарға қарамастан оразаның арасын үзбей ұстау қажет.
- Хайыз бен нифас күйіндегі әйелдің кәффараты бұзылмайды. Қан көру тоқтағаннан кейін қалған күнінен ары қарай жалғастыра береді.
- Негізінде кәффарат ұсталмаған оразаның емес, бұзған оразаның жазасы. Оразаның кезінде ораза ұстауды ниет етпеген кісі ұстамаған оразаларының кәффаратын емес кейін қазасын ұстайды. Бірақ себепсізден-себепсіз ораза ұстамау күнә. Сондықтан ондай кісілер тәубе етулері қажет.
Шымкент қаласы орталық мешіті