IMG 1052

IMG 1052

Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерекесін шардаралықтар өз деңгейінде атап өтті. Аудан әкімі Болатбек Қыстауов пен аудандық мәслихат хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, тыл және еңбек ардагерлері алдымен «Тұңғыш Президент» саябағындағы Кеңес Одағының батырлары Абылай Әлімбетов пен Сейітқасым Әшіровтың, Халық Қаһарманы Мәулен Қалмырзаевтың ескерткіш-мүсіндерін гүл шоқтарын қойысты. Мұнан мәңгі от алаулап тұрған «Даңқ» мемориалына гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алысты.
Қос мерекеге арналған салтанатты шара «Абай» Мәдениет сарайында жалғасын тапты. Аудан әкімі Болатбек Қыстауов тұрғындар алдында құттықтау сөз сөйледі.
Ел тағдыры, жер тағдыры таразы басына түскен сын сағатта жүрегі Отан деп соққан әрбір жан қолына қару алып, елін, жерін, Отанын қорғауға аттанды. Ел аманатын арқалаған аптал азаматтарымыздың ұрыс даласында ерен ерліктің үлгісін көрсеткені тарихи шындық. Біз Ұлы Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына және тылда ерен еңбектің үлгісін көрсеткен аталарымыз бен апаларымызға бас иіп, тағзым етеміз.
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қаншама боздақтар ұрыс даласында қаза тапты. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қайта зерттеп-есептеудің нәтижесінде 800-ге жуық шардаралық Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімдері анықталып, «Тұңғыш Президент саябағындағы» Даңқ ескерткішіне есімдері қашалып жазылды. Кеңес Одағының батырлары Сейітқасым Әшіров, Абылай Әлімбетов, Халық Қаһарманы Мәулен Қалмырзаев сынды даңқты жерлестерімізді біздер орынды мақтаныш етеміз. Сол сияқты соғыс жылдарынан кейін Шардара тыңын игеруге қатысып, бейбіт өмірде де ерен ерліктің үлгісін көрсеткен майдангер ата-апаларымыз көптеп саналды. Өкінішке орай, бүгінгі таңда Шардара ауданында Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагерлердің қатары қалмады. Кешегі Наурыз мерекесі қарсаңында соғыстың соңғы сарбазы – бір ғасыр жасаған Жаппар Серікбаев ағамызды ақтық сапарға шығарып салдық. Бүгінгі ұрпаққа ғажайып өмір сыйлау үшін кеудесін оққа төсеген қаһарман майдангерлеріміздің есімін біздер мәңгілікке ұмытпаймыз, — деді Болатбек Дүйсенбекұлы.
Отанқорғаушылар күні мерекесімен де құттықтаған аудан басшысы ауған соғысының ардагерлері мен Чернобыл апатына, Семей полигонына қатысқан азаматтар бір топ азаматтарға «Алғыс хаттар» табыс етті.
Мереке барысында сұрапыл соғыс туралы фильм көрсетіліп, «Ақ әжелер» ансамблі, облыстық филармонияның әншілері Бөріхан Өсербаев пен Ұлжан Оңалбек, аудан өнерпаздары Мұрат Қоңырбаев, Бақберген Омаров және басқалар әсем әннен шашу шашып, әскери билер орындады. Ерліктің ерен үлгісін көрсеткен Сейітқасым Әшіровтың Ұлы Отан соғысындағы бір сәтінен сахналық көрініс көрсетілді.
Мереке соңында аудан әкімі Болатбек Қыстауовтың ұйымдастыруымен тыл және еңбек ардагерлері мен ауған соғысының ардагерлеріне, Чернобыл апаты мен Семей полигонына қатысқан азаматтарға арнап «Ақ шағала» дәмханасында арнайы дастархан жайылды. Дастархан үстінде аудан имамы Асылхан қажы Данияров Ұлы Жеңіс жолында қаза болған майдангерлердің рухына бағыштап құран түсірді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 

IMG 1050

IMG 1051

IMG 1052

IMG 1053

IMG 1054

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий