2017ж 7 мамыр күні Арыс қаласының бас имамы бастап, өзге имам-молдалармен дәстүрге айналған, игі шара биылда өз жалғасын тапты. Арыс қаласындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан соғыс ардагерлердің үйыне барып оларға құрмет көрсетті. Мақсат- соғыс ардагерлері, қарт жауынгер аталарымыздың ақ батасын алу, қоғамымызда болып жатқан мәселелер төңірегінде келелі әңгіме, сұхбат құру, шейіт болған майдангер аталарымыздың рухына арнап Құран сауабын бағыштау.
Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у): «Қарт кісілердің дұғасын алыңыздар, олардың дұғасы қабыл болады»,- деген мағнада қаншама хадистер айтқан. Демек, қарттарымыздың жетімсіреген көңілін аулап, оларға қамқорлық танытып, разылығын алсақ сауапты іс болып табылар хақ.
Мешіт қызметкерлері ардагерлерді мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық тілеп, иықтарына шапан жауып, қаржылай сый-сияпат жасады.
Сондай-ақ имамдар ардагерлерге келешекте атқарылуы тиіс аудан көлеміндегі іс жоспармен таныстыра келе, «Сіздер, ауданымыздың қоғамдық іс-шараларына үнемі ат салысып келесіздер.Жастар санасына ерлік, елдік, бірлік, ынтымақ секілді қастерлі ұғымдарды сіңіруде қажырлы еңбек етіп келе жатқан сіздерге Алла тағала дендеріңізге саулық, бойларыңызға қуат берсін, жылдан жылға амандықта барлықта есендікте саулықта қауышайық»,-деді бас имам.
Өз кезегінде Ұлы Отан соғысының ардагері Д.Абдірахманов: «Орталық мешіттің жылдағы ұйымдастыруымен болып жатқан осынау шара соғыс ардагерлері үшін үлкен қамқорлық, соғыс даласында қалып қойған майдангер достарымыздың рухына арнап құран бағыштап, дұға тілеу үлкен сауапты іс.Сол үшінде біздер, соғыс ардагерлері мешіт имамдарына алғысымыз шексіз» ,- деп өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
ОҚО Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің баспасөз қызметі.